Шараға Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ж.М.Нұрғалиев, ҚР Парламент Сенатының депутаты А.П.Рау, ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі А.Қ.Евниев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Қ.Күрішбаев, ADA жобасының жетекшісі Р.Дитхард, Қазақстанның Германиядағы елшісі Б.Т.Нусупов, Германияның Қазақстандағы елшісінің бірінші орынбасары Д.Вайнберг, сондай-ақ отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен мамандары қатысты.
Форумның мақсаты - екі елдің ғалымдары мен компанияларының арасындағы аталмыш мәселелер бойынша қарым-қатынасты дамыту және осы бағыттағы соңғы жаңалықтар туралы хабардар ету.
Өзекті мәселеге арналған аталмыш форум Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылуда. Форум жұмысы барысында Германия мен Қазақстанның 10 жетекші ғалымдары, фермерлері мен сарапшылары баяндама жасады.
Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев өз сөзінде оқу ордамызда АӨК цифрландыру үшін ғылыми кадрлар және техникалық потенциалмен қатар, цифрландыру жүйесін тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға болатынын жеткізді. Қазіргі таңда әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, цифрландыру саласындағы білім мен ғалымның озық үлгісін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы тұтынушыларға ұсынылатын аналитикалық материалдардың дәлдігін арттыру, оқиғалар мен өнімділікті болжау үшін ғарыштық мониторингтің әдіснамасын жетілдіру қажет. «Осы тұрғыда дамыған елдердің, бірінші кезекте неміс әріптестеріміздің тәжірибесі өте маңызды», - деді Ақылбек Қажығұлұлы. Сондай-ақ ректор ағымдағы жылдың басында университет ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін ғылыми-әдістемелік орталыққа айналғанын атап өтті. Қазіргі таңда орталықта салалық сарапшы мамандар жұмыс атқаруда. Тұтынушыларға берілетін аналитикалық материалдардың дәлдігін арттыру, оқиғалар мен болжамдау тұрғысынан ғарыштық мониторингтің әдіснамасын жетілдіру қажет екенін айтты.
Ауыл шаруашылық вице-министрі А.Қ.Евниев ҚР 2025 жылға дейін арналған стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы мен агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық жүйеге көшіру маңыздылығына, яғни АӨК саясаты ауылшаруашылық өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді тереңдету, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған экологиялық таза өнімдердің өсуіне баса назар аударатынын атап өтті. 5 жылдың ішінде еңбек өнімділігін және қайта өңдеу өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру жоспарланып отыр.
Доктор О.Хунгер фермерлер тарапынан цифрлық жүйеге көшіруге қойылатын талаптар және ауылшаруашылық өндірісінде цифрландырудың қабылдануына әсер ететін факторлардың орналасу дәлдігін анықтау үшін тесттерді қолдану мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Германияда ауыл шаруашылығын цифрлық жүйеге көшірудің негізгі элементі қызмет көрсету екенін атап өтті. Big Data қосымшалары әрбір жеке кәсіпорынның ерекшелігіне бейімделген аналитикалық және қолданбалы бағдарламалар тиімді пайдаланудың шешуші шарты болып табылады. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларына қолдау көрсету құрылымдық және нақты бизнестің мәселелеріне бағдарланған аналитика жасауды, сондай-ақ кәсіпорын үшін пайдалы нәтижелерді қалыптастыруға ықпал етеді.
«Neu-Seeland» AgrarGmb басқарушы директоры H Г. Лиссо неміс ауылшаруашылық саласындағы нақты егіншіліктің 20 жылдық тәжірибесімен бөлісті. Өткен жылғы өнімділік карталары мен аэрофотосуреттерді қолдана отырып, адаптивті әлеуетті басқару моделі жасалуда. Дәл осындай үлгіде жасалған басқару жүйесінде тәжірибе мен болжамдар үйлесіп, белгілі бір алқаптардың айрықша шарттары ескерілетінін жеткізді.
Қатысушылардың баяндамалары ауыл шаруашылығындағы цифрлық технологиялардың негізгі үрдістеріне арналды. Қатысушылар ауылшаруашылық саласын цифрлық жүйеге көшірудің, егіншілікке дәлме-дәл технологияларды енгізудің практикалық тәжірибесімен, «ақылды ферма» (Smart Farming) мен жасанды интеллекті құру, ірі көлемдегі база деректерін жүйелеу әдістері жайында пікір алмасты.
Алғашқы герман-қазақ бірлескен «Ауыл шаруашылығын цифрлық жүйеге көшіру» форумы аясында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инфрақұрылымдық цифрландыру» бағдарламасы, ауыл шаруашылық бизнесін автоматтандыру технологиясы және ауылшаруашылық кәсіпорындарын цифрландыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, онда Smart Vet LIS (ветеринарлық лабораториялық жүйе), smaXtec (ақылды сүт фермасы), AgroOptim ақпараттық-аналитикалық жүйесі, концентраторы бар құйынды жел қондырғысы және т.б. жобалар көрсетілген.
Форум қатысушылары шетелдік әріптестермен бірлесіп ашылған технологиялық платформалар және орталықтармен, атап айтсақ, Қазақ-Герман нақты егіншілік орталығы, АӨК цифрландыру бойынша Қазақ-Қытай орталығы, Қазақ-Қытай Ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы, Инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақ-Беларусь орталығымен, сонымен қатар «Ақмола Феникс» АҚ-ның нақты егіншіліктің іс жүзіндегі тәжірибесімен танысты.